Өзен - Түркіменстанмен мемлекеттік шекара желісі бойынша жаңа жолаушылар қозғалысы басталды
АСТАНА. 17 қаңтар. ҚазАқпарат - Өзен - Түркіменстанмен мемлекеттік шекара жаңа темір жолы бойынша қала маңында қатынасқа арналған Өзен-Болашақ пойызы жүре бастады.
Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның баспасөз қызметінен хабарлайды.
Құрамды «Қала маңындағы тасымалдаулар» АҚ-ның күшімен «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ ұйымдастырды. №№6993/6994 пойызында жалпы орындары бар бір вагон мен теміржол кәсіпорындарының қызметкерлерін жұмысқа жеткізу және жолаушыларды тасымалдауға арналған бір жабық вагон бар.
Пойыздың жүріс кестесі осы жерде.