13:23, 05 Сәуір 2010 | GMT +5
Өзге елге өтіп кетсе де, жазадан құтылмады
ОРАЛ. Сәуірдің 5-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қалалық соты азамат А.Тәженовті ҚР ҚК 175-бабы 1-бөліміне сәйкес ( ұрлық ) шартты түрде екі жылға бас бостандығынан айырды.
Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, аталған азамат «Свит» ЖШС-ында жүк түсіруші болып жұмыс жасай жүріп, «Алтын алма» көтерме сауда базары аумағында орналасқан №12 қоймадан 386800 теңгені ұрлап, із суытады. Іздеу барысында анықталғанындай, ол Саратов облысы Ершов аудандық сотының үкімімен мемлекеттік шекарадан заңсыз өткені үшін сотталады. Кейін ҚР Бас прокуратурасының араласуымен елге қайтарылды.