Өзгенің құжатымен шекара аспақ болған бойжеткен қолға түсті - ҚР ҰҚК

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің шығысындағы қазақстандық-қытайлық шекарада орналасқан «Қорғас» шекара отрядының шекарашылары Қазақстан Республикасының екі азаматын ұстауға мәжбүр болды. Олардың бірі - шекарадан заңсыз түрде қаржы сомасын асыруға әрекеттенсе, екіншісі бөтен төлқұжатты қолдануға тырысты.
None
None

Атап айтқанда, 29-қараша күні «Қорғас - жолаушылық» бақылау-өткізу бекетінің шекара наряды 12 сағат 56 минутта қызметтік иттік көмегімен 1975 жылы туған Шепель Д. деген азаматты ұстады. Оның қолжүгінің ішінен жасырылуы тұрған 10 000 АҚШ доллары мен 215 800 теңге табылды.

Аталған дерек бойынша материалдар «Алтынкөл» кеден бекетінің қызметкерлеріне берілді.

Сондай-ақ, 28-қараша күні аталған отрядтың «МЦПС» бақылау-өткізу бекетінің шекара наряды 11 сағат 40 минут шамасында қазақстандық азаматшаны ұстады. Отандасымыз әдепкіде өзінің 1987 жылы туған Қоразымбетова Альзина екендігін, Халықаралық сауда орталығына бара жатқандығын айтты.

Ал тексере келгенде, 1990 жылы туған Жолдабаева Айсерик дегеннің төлқұжатын көрсетуге мәжбүр болды.

Мәселенің анық-қанығын білу үшін аталған дерек бойынша материалдар Алматы облысы Панфилов аудандық ішкі істер бөліміне берілді, деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар