Өзіне-өзі қол жұмсамақ болған болған қызды өлімнен құтқарған екі қарағандылық азаматша марапатқа ие болды

ҚАРАҒАНДЫ. 25 қазан. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы ІІД бастығы, полиция полковнигі Мергенбай Жаппаров өзіне-өзі қол жұмсамақ болған қызды өлімнен құтқарған екі әйелді марапаттады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Өзіне-өзі қол жұмсамақ болған болған қызды өлімнен құтқарған екі қарағандылық азаматша марапатқа ие болды

«18 қазан күні «Қарағанды Су» ЖШС бақылаушылары болып жұмыс істейтін Любовь Невиннова және Светлана Хомякова үйлерді тексеруге шыққан. Олар 9-қабаттың терезесінен секіргелі тұрған қызды байқап қалады. Екі әйел дереу сол жерге жүгіріп барып, қызды өлімнен арашалап қалған», - деді облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

Қарағанды облысы ІІД бастығы 16 жастағы қызды өлімнен құтқарғаны үшін қос қарағандылық азаматшаға алғыс білдірді. Марапат ретінде оларға ҚР ІІМ таңбасы салынған сағаттарды тапсырды.