Пьеса жазам деген адамдармен жұмыс істеуге біздің театр дайын - Әубәкір Рахимов

АЛМАТЫ. 5 қазан. ҚазАқпарат - Драматургия қазір Қазақстанда ең тиімді жанрға айналды. Бұл туралы Алматыдағы Қазақтың мемлекеттік Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрының 87 маусымының ашылу рәсімінде айтылды.
None
None

«Пьеса жазам деген деген адамдармен жұмыс істеуге біздің театр дайын.  Қазір байқауға қатысқан пьесаларға 2 миллион теңгеге дейін қаламақы төленеді. Ал байқаудан тыс келген пьессаларға өзіміздің театрда  500 мың теңгеге дейін қаламақы төленуде», - дейді  режиссер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әубәкір Рахимов. Ал әдебиет бөлімінің меңгерушісі, театртанушы, сыншы  Әлия Бөпежанованың айтуынша, әдебиеттің драматургия саласымен айналысушыларға бүгінгі таңда зор мүмкіндіктер туып отыр. Онда бірінші, жақсы шығарма жазғандарға қомақты қаламақы беріледі. Екінші, драматургтерге пьесасы сахнада қойылса әр қойылымнан қосымша түсім түсіп тұрады. Сондықтан қазір драматургтер өзгелерге қарағанда ең тиімді жағдайда деуге болады.

"Бірқатар драматургиялық байқауларда сарапшы болып жүрмін. Көп жағдайда пьесаларда сахнаның ерекшеліктері ескеріле бермейді. Жастардың  жазғандары көбіне-көп студиялық дүниелер. Өкінішке орай олардың біліктілігін көтеріп, тәжірибе алмасуына әлі күнге дейін елімізде қолайлы жағдай жасалмаған. Ал көршілес Ресейде бұл жұмыс мемлекеттік деңгейде жақсы жолға қойылған. Сондықтан жыл сайын театр саласы  25-30 шақты талантты жас драматургтер мен режиссерлармен толығуда. Бізде бұл мәселені театрлар қазір өз күшімен шешуде", -  дейді Ә.Бөпежанова.

Соңғы жаңалықтар