Пәкістан тарихында ірі банк тонау оқиғасы болды

АСТАНА. Желтоқсанның 15-і. ҚазАқпарат - Пәкістанның Карачи қаласында Allied Bank банкінің филиалына қарақшылық шабуыл жасалды,

Пәкістан тарихында ірі банк тонау оқиғасы болды

деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC News сайтына сілтеме жасап.

Қылмыскерлер 311 миллион рупий (3,7 миллионға жуық доллар) - Пәкістандағы банктерден бұған дейін ұрланған ең ірі сома әкеткен.

Қылмыскерлер бесеу, олардың ішінде филиал күзетшісі де болған. Күзетшінің аты-жөні - Шахид Мехмуд. Банкке шабуыл жексенбі күні таңертең, Мехмуд ауысымға түскен кезінде жасалған.

Ол банк бөлімшесін екі әріптесімен бірге күзетуі тиіс болатын, алайда ол жұмысқа ерте келген және түнгі күзетшілерді ауыстырып, банкте жалғыз қалған. Одан кейін ол банкке өзінің төрт сыбайласын кіргізеді. Ауысымға келген Мехмудтың әріптестерін қылмыскерлер байлап тастайды.

Банктің тоналғаны туралы полицейлерге байлаудан босаған күзетшілер хабарлаған. Тонаушыларды іздеу әзірге нәтиже берген жоқ.