Пәкістанда автобус апатқа ұшырады, 13 адам көз жұмған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Пәкістанның солтүстік-батысында автобуста газ баллоны жарылып, 13 адам көз жұмды. Сондай-ақ алты адам зардап шеккен, деп хабарлайды РИА Новости.

Пәкістанда автобус апатқа ұшырады, 13 адам көз жұмған

Автобус Карак аймағында той көліктерінің қатарында келе жатқан. Жол жиегіне шығып кеткен автобус жыраға құлайды, нәтижесінде газ баллоны жарылған. Қаза тапқандар арасында 5 әйел мен 5 бала бар. Оқиға кезінде автобуста болған адамдар саны әлі анықталып жатыр.