Пәкістанда екі лаңкестіктің салдарынан 13 адам мерт болды

Пәкістанда екі лаңкестіктің салдарынан 13 адам мерт болды

АСТАНА. Қарашаның 13-і. ҚазАқпарат - Жұма, қарашаның 13-інде  таңертең, Пәкістанның солтүстік-батысында болған лаңкестік салдарынан 13 адам опат болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат AFP сайтына сілтеме жасап.

 Алғашқы жарылыс Пешавар қаласында - пәкістандық ведомствоаралық барлау - (Inter Services Intelligence - ISI) - елдегі ең ықпалды арнайы қызмет үйінің алдында болды. Лаңкестік салдарынан 10 адам мерт болды. Бұған дейін хабарланғанындай, кемі 35 адам жарақаттанған. Зардап шеккендердің басым көпшілігі - азаматтық тұлғалар.

 Барлау қызметінің үйі толық қираған. Нақтыланған деректер бойынша жарылысты лаңкес-жанкешті автомобилмен іске асырған.

 Екінші жарылыс Банну қаласында - осы аттас провинцияның астанасында орын алды. Онда лаңкес-жанкешті жарылғыш құрылғысын полицейлердің учаскесіне жақын маңда іске қосқан. Салдарынан үш полицей мерт болды, 12 адам жарақат алды.