02:11, 26 Мамыр 2013 | GMT +5
Пәкістанда газбен жүретін автобус жарылып, 15 бала қаза тапты
АСТАНА. 26 мамыр. ҚазАқпарат - Пәкістанда газбен жүретін автобус жарылып, жеке меншік мектептің кемінде 15 оқушысы қаза тапты.

Қайғылы оқиға Пенджаб шығыс өлкесінде орын алды, деп хабарлады Росбалт.
Алдын ала мәліметтер бойынша, автобуста 8-12 жас аралығындағы 20-25 бала болған. «Синьхуаның» ақпаратына сәйкес, бір мұғалім қаза болды. Жүргізуші мен 8 бала жарақаттанған. Зардап шеккен 5 оқушының халі өте ауыр.
Естеріңізге сала кетейік, 2012 жылдың 16 маусымында Ланди-Котал қаласының орталығында орналасқан базарда бомба жарылып, 25 адам қаза тапты, 50-ден астамы жарақатанды. Жарылыс толқыны таяу маңда орналасқан наубайханадағы газ баллонын зақымдаған еді. Соның салдарынан екінші жарылыс орын алып, өрт шыққан-ды.