09:31, 09 Шілде 2017 | GMT +5
Пәкістандағы әскери база орналасқан аймақта жер сілкінді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Пәкістанның Белуджистан провинциясында 4,1 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақпаратқа сәйкес, табиғи апаттың ошағы Ормара қаласынан 136 шақырым жерден өтіп, кіндігі 10 шақырым тереңдікте болған. Жер сілкінісінен қаза тапқандар мен жараланғандар туралы ақпарат түскен жоқ.
Айта кету керек, Ормара қаласында Пәкістан әскери теңіз күштерінің басты базасы орналасқан және бұл аймақ Үндістанмен шекаралас.