Пәкістандағы қуатты жер сілкінісінен үш адам ажал құшты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенбі күні Пәкістан астанасына жақын маңда болған жер сілкінісінен үш адам көз жұмды, деп хабарлайды Синьхуа жергілікті БАҚ-тарға сілтеме жасап.

Пәкістандағы қуатты жер сілкінісінен үш адам ажал құшты

Олардың мәліметінше, күшті жер асты дүмпулерінің салдарынан үйлері қирап қалған бір отбасының үш бірдей мүшесі көз жұмған. Оқиға Пәкістанның солтүстік-батысында орналасқан Хайбер-Пахтунхва провинциясындағы Абботтабад қаласында орын алған.

АҚШ геологиялық қызметінің хабарлауынша, магнитудасы 5,5 болған жер сілкінісі сенбі күніне қараған түні Исламабад маңында орын алған. UTC уақыты бойынша сағат 20:59-да ел астанасынан солтүстік-шығысқа қарай 15 шақырым қашықтықа жерасты дүмпулері тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы 26 шақырым тереңдікте орналасқан.