Пәкістандағы мешітке шабуыл жасау кезінде он адам опат болды

АСТАНА. Желтоқсанның 4-і. ҚазАқпарат - Пәкістанның Равалпинди қаласында болған жарылыс салдарынан кемінде он адам мерт болды, тағы 20-сы жарақаттанды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК сайтына сілтеме жасап.

Куәгерлердің хабарлауынша, Қасым базарының және ел Қарулы Күштері штабы үйінің маңында, қаланың адамдар жиі шоғырланған ауданында орналасқан мешіт жанында кемінде екі жарылыс болған. Алғашқы жарылысты лаңкес-жанкешті іске қосқан.

Оқиға орнында атыс болғаны да хабарланады. Қазіргі уақытта жарылыс болған ауданды пәкістандық арнайы қызмет қызметкерлері қоршауға алды.

Соңғы жаңалықтар