Пәкістандағы жарылыс салдарынан құрбан болған адамдардың саны 72-ге дейін өсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбі күні Пәкістанның Лахор қаласындағы Гүлшан-и-Икбал саябағындағы ойын алаңының жанында өз-өзін жарып жіберген жанкештінің әрекеті салдарынан қаза болған адамдардың саны 72-ге дейін өсті, тағы 300-ден астам адам жарақаттар алды.

Бұл туралы Dawn газетіне сілтеме жасап, ТАСС хабарлады.

Жарылыс кезінде саябақта балаларымен көптеген отбасылар жиналды, бұл ретте стационарлық және мобильдік бекеттерде күзетшілер болмады. Саябаққа келушілердің көп болуы Пәкістан христиандарының Пасха мерекесін тойлауымен байланысты болған. Жарылыс балалардың ойын алаңынан бірнеше метр жерде болды. Лаңкестік әрекет үшін жауапкершілікті пәкістандық талибтердің «Техрик-и-талибан Пәкістан" қозғалысының бастамасымен қызмет етіп отырған "Джамаат уль-Ахрар" лаңкестік тобы өз мойнына алды.

Соңғы жаңалықтар
telegram