Пәкістанның Ирандағы елшісі алған соққы салдарынан ауруханаға түсті

АСТАНА. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат - Пәкістанның Ирандағы Елшісі Мохаммадбахш Аббаси сейсенбі күні Тегранда жасалған шабуылдың салдарынан жарақат алып, ауруханаға түсті.
None
None

Бұл туралы жергілікті телеарнаға Иранның сыртқы саясат ведомствосының ресми өкілі Рамин Мехманпараст хабарлады.

Ол пәкістандық дипломаттың қазасы туралы ақпаратты да, және оның ауыр жағдайы туралы ақпаратты да теріске шығарды. «Шабуыл жасаушының қолында ешқандай қару болмаған. Аббаси соққының салдарынан кішігірім дене жарақаттарын алған. Қазіргі таңда оның денсаулығы ешқандай алаңдаушылық туғызбайды», - деп атап көрсетті СІМ өкілі «Фарс» агенттігіне берген сұхбатында.

Ирандық дереккөздер сондай-ақ, «осы оқиғаның салдарынан дипломаттың қасына ерген екі адамның өлтірілгені туралы» арабтың «Әл-Арабия» телеарнасы таратқан ақпаратты да қуаттаған жоқ. Және шабуылдың автокөлікке жасалғаны туралы ақпарат да теріске шығарылып отыр. Ирандық дерекөздердің айтуынша, оқиға елші жаяу серуендеп жүрген кезде болған.

Мехманпараст, Иранның Сыртқы істер министрлігі болған оқиғаны үзілді-кесілді айыптайтынын мәлім етті. Шабуылды ауғандық азаматтың жасағаны анықталды. Ол ұсталды, елдің құқық қорғау органдары қазір тергеу амалдарын жүргізуде.

Соңғы жаңалықтар