Пәкістанның Карачи қаласында лаңкестік әрекеттің салдарынан 31 адам қаза тапты

АСТАНА.  Желтоқсанның  29-ы.  ҚазАқпарат  -   Пәкістанның Карачи қаласындағы  лаңкестік әрекеттің салдарынан   қаза тапқандардың саны 31 адамға жетті. 70-тен астам адам жараланды.
None
None

 Бұл  туралы жергілікті  полицияға  сілтеме  жасап  ИТАР-ТАСС агенттігі  хабарлаған.

 Лаңкес-жанкештінің    бомбаны     шиит-мұсылмандардың   Мұхамед  пайғамбардың  немересі  имам Хусейнді еске  алу  құрметіне ұйымдастырған  Ашура   рәсімі кезінде іске қосқаны  бұдан бұрын хабарлаған   болатын.   Куәгерлердің  айтуынша,  құрбандар   саны  бұдан да көп  болуы мүмкін еді - Құдай сақтап, жанкешті    топтың  ортасына  өте алмай,    бомбаны қапталдас  тұйық  көшелердің бірінде іске қосқан.

 Рәсімге қатысқан  және лаңкестіктен кейін    қандары  қайнаған шииттер   жақын  маңдағы    құрылыстарды   қирата  бастаған. Оқиға орнында  50-ден  астам дүкен  мен сауда нүктелеріне  жайылған  өрт  әлі өршіп тұр.

 Елдің құқық қорғау  органдары, бұл лаңкестік  әрекеттің    пәкістандық экстремист-тәлібтердің ісі   болуы мүмкін  екенін   айтады.   Бірақ  та,  шабуылға   сүннит-мұсылмандардың      лаңкестік  ұйымдарының   да   қатысы  болу мүмкіндігі   жоққа шығарылмай  отыр.

Соңғы жаңалықтар