21:15, 11 Сәуір 2024 | GMT +5
Пәкістанда автобус апатынан 17 адам қаза тапты
ПӘКІСТАН. KAZINFORM – Пәкістанның оңтүстік-батысында автобус аударылып, салдарынан 17 адам қаза тауып, тағы 16 адам жарақат алды. Бұл туралы Anadolu агенттігі жазды.

«Белуджистан провинциясының Ласбела ауданында автобус сайға құлады», - деп хабарлады үкімет өкілі Шахид Ринд.
Оның айтуынша, зардап шеккендер Синд провинциясындағы ауруханалардың біріне жатқызылған, олардың 15-інің жағдайы ауыр.
Белуджистан премьер-министрі Сарфраз Бугти жол-көлік оқиғалары салдарынан қаза тапқандардың көптігіне өкініш білдірді.