Пәкістанда көмір шахтасы опырылып түсіп, кеншілер көз жұмды
АСТАНА. KAZINFORM — Пәкістанның оңтүстік-батысындағы Белуджистан провинциясында көмір шахтасы опырылып түсті, Салдарынан 9 адам көз жұмды.
Report агенттігінің хабарлауынша, апатқа метан газының жарылысы себеп болуы мүмкін.
Оқиға кезінде жердің астында 42 кенші болған. Құтқарушылардың мәліметінше, олардың жартысы әлі де үйінді астында қалған.
Еске салайық, Қытайдың солтүстігіндегі көмір шахтасындағы апаттан 82 адам қаза тауып, 9 адам із-түзсіз жоғалған болатын. Шахтадағы жарылыстан кейін екі лауазымды тұлғаға қатысты тергеу басталды.
Сондай-ақ елімізде Жезқазған кеншілері шахтадағы құрал-жабдықтың тозғанын айтып шағымданды.