Пәкістандағы муссон жауыны салдарынан қаза болғандар саны 111 адамға жетті
АСТАНА. KAZINFORM – Пәкістанда маусым айының соңында басталған муссон жауыны толастар емес. Оның салдарынан алапат су тасып, осы уақытта кемінде 111 адам құрбан болды. Бұл туралы Пәкістанның Ұлттық табиғи апаттардың салдарын жою басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды Анадолы.

Жауынан әсіресе Хайбер-Пахтунхва, Шығыс Пенджаб, Синд пен Белуджистан қатты зардап шекті. Соңғы 48 сағатта нөсер жауын мен оның салдарынан болған су тасқынынан тағы 7 адам мерт болып, 1 адам жарақат алды.
26 маусым мен 14 шілде аралығында зардап шеккендер саны 212 адамды құрады.
Пәкістанның Ұлттық табиғи апаттардың салдарын жою басқармасы жақын арада жауын күшеюі мүмкін екенін ескертіп, жергілікті билік өкілдерін жағдайға барынша дайын болуға шақырды.
Муссон жауындары әдетте Пәкістанға шілде мен қыркүйек айында көп жауады. Оның салдарынан жыл сайын жүздеген адам мерт болып, елдің инфрақұрылымы мен ауыл шаруашылығына зор нұқсан келеді.
Осыған дейін Пәкістандадағы жауын салдарынан 98 адам қаза тауып, 185 адам жарақат алғаны туралы жаздық.