Пәкстандағы жаппай тәртіпсіздіктен 1 адам қаза тауып, 400-ден астам адам жапа шекті

Тәртіпсіздіктер көбіне әйелдерден құралған шерушілер Шарифтің резиденциясын басып алмақ болған кезде басталған. Наразы топ крандар арқылы резиденицяға баратын жолдағы бөгеттерді сырып тастамақ болған. Полиция көзден жас ағызатын газ бен резеңке оқ пайдаланды.
Зардап шеккендер жақын маңдағы екі ауруханаға жеткізілді. Исламабад полициясының басшысы Халид Хаттак күш қолданудың себебін шерушілердің қолында балға, тістеуік, балта сияқты қарулар болғанымен түсіндірді. Қорғаныс министрі Қожа Мұхаммед Асифтің айтуынша, тәртіп сақшылары шерушілерді ығыстырды. Айта кетейік, Пәкстандағы мыңдаған шерушілердің басын қосқан наразылық шарасы тамыздың орта кезінде басталған болатын. Оппозициялық «Пәкстан Техрик-е Инсаф» партиясының көшбасшысы Имран Хан мен «Минхажул Құран» діни қозғалысының басшысы Тахир әл-Қадри бастаған шерушілер елдің премьер-министрі Наваз Шарифті сайлау нәтижесін қолдан жасады және жемқорлыққа қатысы бар деп айыптап, орнынан кетуін талап етті.