Палата Бюросының отырысында заң жобаларының дайындығы туралы мәселелер қаралды

АСТАНА. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановтың жетекшілігімен өткен Палата Бюросының отырысында заң жобаларының дайындығы туралы мәселелер қаралды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаржы және бюджет комитеті Үкіметтің және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің 2009 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін Палата талқысына шығаруға болатынын мәлім етті. Осы комитеттің ұсынуымен «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Кодексін қолданысқа енгізу туралы» заң жобалары қаралды.

Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетібірқатар заң жобаларын қарауды ұсынып отыр. Атап айтқанда, «2009 жылғы 27 қарашадағы Кеден одағының кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы», «Кеден одағының кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы»,«Бір тараптан Қазақстан Республикасы және екінші тараптан Еуропалық Қоғамдастықтар мен оларға мүше мемлекеттер арасындағы Әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге, Болгария Республикасы мен Румынияның әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге қосылуы туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобалары жалпы отырысқа шығарылады.

Бюрода Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» заң жобасының дайын екенін мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар