Палатаның жалпы отырысының күн тәртібі айқындалды

АСТАНА. Ақпанның 27-сі. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/- «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасы мен соған сәйкес бірнеше заңдарға енгізілетін түзетулерді бірінші оқылымда Палатаның талқысына шығару қажет.
None
None
Бүгін Мәжіліс төрағасы Орал Мұхамеджановтың жетекшілік етуімен өткен Палата Бюросының отырысында осындай шешім шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Мәжілістің жалпы отырысында кейбір заңдарға валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша түзетулер бірінші оқылымда, қала құрылысын жоспарлаған, жер учаскелерін бөлген, құрылысты жобалаған және салған кезде су қорғау және табиғат қорғау тәртіптерін сақтау мәселелері бойынша толықтырулар екінші оқылымда талқыға салынатын болды. Сол секілді ветеринария мәселелеріне қатысты заң жобасын екінші оқылымда қарау ұсынылса, «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға қарастырылған түзетулер де депутаттар талқысына шығарылмақ. Бюро отырысында үстіміздегі жылы 23-27 наурыз күндері ГФР және Австрия елдеріне, яғни, Берлин мен Вена қалаларына Қазақстан Республикасы делегациясының жұмыс сапарына депутаттардың қатысуы туралы мәселе қаралды. Келесі кезекте үстіміздегі жылы өткізілетін «Қазіргі Қазақстан және «Еуропаға жол» атты халықаралық парламенттік конференцияға дайындық мәселесі қаралды. Палата төрағасы Қазақстан Парламенті Мәжілісінің бастамасымен өткізілетін осы форумда аталған мәселені кең түрде талқылау үшін Астана қаласына белгілі және беделді саясаткерлер, Еуропа мен Азияның, АҚШ-тың және әлемнің басқа да аймағынан сарапшылар келетінін атап өтті. «Бұл Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі алдындағы маңызды шара болмақ»,- деді О.Мұхамеджанов.Мамандардың жетіспеуі мен жұмыссыздықты азайту мақсатында биыл 27 наурызда «Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету» атты парламенттік тыңдау өткізу жоспарланып отыр. Бюрода осы тыңдаудың әзірлігі сөз болды. Әсіресе, біліктілігі жоғары мамандар ауылдық жерлерде жетіспейді. Бюро отырысында Мемлекет басшысының қаржы дағдарысына қатысты берген тапсырмалары жөніндегі мәселе де қозғалды.
Соңғы жаңалықтар