Палеонтологтар ең алғашқы динозаврлардың бірін тапты

АСТАНА. Желтоқсанның 20-сы. ҚазАқпарат - Техас университетінің ғалымдары ең ежелгі тероподтардың бірі - екі аяқты динозаврды тапты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.

Палеонтологтарға Tawa hallae деген атауға ие болған жаңа түрдің, жалпы жиыны бірнеше қалдықтарын табудың сәті түсті. Тірі кезінде динозаврлардың биіктігі 70 сантиметрге жуық және ұзындығы екі метрдей болған. Қалдықтардың жасы 214 миллион жылды құрайды.

Зерттеушілер өздерінің үлкен олжаға кенелгендерін айтады. Мәселе, қалдықтардың өте жақсы сақталуымен қатар, тасқа айналу кезінде олардың топырақ жыныстарына сіңісіп кетпегенінде болып отыр. Осылайша, ғалымдарға ежелгі кесірткелердің ішкі құрылыстарына үңілудің сирек мүмкіндігі туып отыр.

Қалдықтарды зерттеу, ғалымдардың пікірінше, алғашқы динозаврлардың эволюциясын анықтауға көмектеседі. Шамамен 230 миллион жыл бұрын континенттер Пангея суперконтинентіне біріккен кезде ежелгі кесірткелер ғаламшардың түрлі аймақтарына алғаш рет қоныстана бастаған. Жаңа түр тероподтардың суперконтинент бойынша кейіннен Оңтүстік Америка деп аталған аймақтан тарағанын анықтауға көмектесті.

Төрт аяқты динозаврлар екі аяқтылардан кейін пайда болды деп саналады. Атап айтқанда, осы жақында ғана британдық палеонтологтар Жерде шамамен 195 миллион жыл бұрын тіршілік еткен динозаврлардың Aardonyx celestae деп аталатын түрін тапты. Бұл түр, ғалымдардың пікірінше, екі аяқтыдан төрт аяқтыға өту аралығындағы буын болған.

Соңғы жаңалықтар