Палеонтологтар ежелгі адамдарды басқа құрлықтарға кемелермен тараған деп болжамдайды

АСТАНА. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат - Ежелгі адамдар әлемнің басқа бөліктеріне жермен емес, теңізбен тараған. Мұндай көзқарасты қайықтар жасау үшін пайдаланылуы мүмкін Критте табылған тас құрал-саймандар растайды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.

Ғалымдар жалпы жиыны бірнеше жүз дана болатын екі басы да үшкірленген қаруларды тапты. Олардың жасы 130 мың жыл деп бағалануда. Табылған олжа бұдан 800 мың жыл бұрын Африка құрлығында тіршілік еткен Homo erectus-тер жасаған құрал-саймандарды еске түсіреді. Қазіргі уақытқа дейін Криттегі ежелгі адамдар тұрақтарының жасы тоғыз мың жылдан аспайды деп саналып келді.

Жаңалықтың авторлары Homo erectus-тер тәжірибелі теңізші болған және Критке әлдеқайда бұрын табандары тиген деп санайды. Әзірге ғалымдарда адамдардың неге Критке жүзіп келгенін түсіндіретін дәлелдері жоқ. Кең таралған теориялардың бірі бойынша - бұл арал ұзақ сапарға шыққандардың кездейсоқ аялдамасы болған. Тағы бір болжам бойынша - адамдар Африкадан жаһандық көші-қон барысында Критті мекендеген.

Соңғы жаңалықтар