Палестиналықтар Газада Израиль соққыларынан 10 тұрғынның мерт болғанын хабарлады

АСТАНА. KAZINFORM – Израиль жексенбі күні Газа секторына соққы жасап, кемінде 11 палестиналық көз жұмды, деп мәлімдеді Палестинаның ресми тұлғалары. Израиль әскері шабуылды ХАМАС тарапынан атысты тоқтату режимін бұзу әрекетіне жауап деп атады Reuters.

г
Фото: Анадолы

Палестиналық медиктер шатыр құрылған лагерьден 4 адам мерт болып, тағы 5 адамның Газаның оңтүстігіндегі Хан-Юнис қаласына жасалған шабуылдан көз жұмғанын мәлімдеді. Сондай-ақ сектордың солтүстігінде тағы бір адам атып өлтірілген. Әуеден жасалған соққы Газа қаласында болуы ықтимал «Ислам жихады» тобының командиріне бағытталған.

ХАМАС өкілі Хазем Касем бұл шабуылдарды атысты тоқтату келісімінің өрескел бұзылуы деп атап, оның Дональд Трамп төрағалық ететін АҚШ-тағы Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына санаулы күн қалғанда болғанына назар аударды. Аталған жиында Газа секторының болашағы талқылануы тиіс.

Өз кезегінде израильдік әскери шенеунік соққылардың «нысаналы» сипатта болғанын және халықаралық құқық талаптарына сай жүзеге асырылғанын айтты.

Оның сөзінше, ХАМАС қазан айында жасалған атысты тоқтату туралы келісімді бірнеше мәрте бұзған.

Соғыс 2023 жылғы 7 қазанда ХАМАС-тың Израильдің оңтүстігіне жасаған шабуылынан кейін басталған. Ол кезде 1 200-ден астам адам қаза тапқан. Ал ХАМАС бақылауындағы денсаулық сақтау министрлігінің дерегіне сәйкес, Газа секторында қаза болғандар саны 72 мыңнан асып кеткен.

Осыған дейін Газа секторында бір тәулікте 5 палестиналық қаза тапқаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум