Палестинаны қолдауға бағытталған наразылыққа қатысушы Нью-Йорк мэрі болуы мүмкін
АСТАНА. KAZINFORM – Палестинаны қолдауға бағытталған наразылық шараларының қатысушысы және социалист Зохран Мамдани Нью-Йорктің жаңа мэрі болуы мүмкін, деп хабарлайды BILD.
34 жастағы Зохран Мамдани Демократиялық партияның сол қанатының өкілі, Үндістан тумасы Нью-Йорк мэрі сайлауында көш бастап келеді. Саясаткер Израильден тыс ең үлкен еврей қоғамдастығы тұратын АҚШ-тың ірі қалаларының бірін басқаратын тұңғыш мұсылман және бірінші социалист болуы ықтимал.
Кейінгі сауалнама мәліметтеріне қарағанда, Мамдани штаттың бұрынғы губернаторы Эндрю Куомоны 25 пунктке сенімді түрде басып озып келеді.
Сарапшылардың пайымдауынша, Мамдани өзінің «қарсыластарының проблемаларын пайдаланып» келеді. Ал оны баға өсімі мен тұрғын үй дағдарысына наразы жастар қолдайды.
Мамдани қоғамдық көлікті, балабақшаны тегін етіп, бұл шараларды байларға салынатын салықты өсіріп, соның есебінен қаржыландырмақ.
Алайда Маданидің тұлғасы талас тудырып отыр. Себебі ол «Интифаданы жаһандандырыңдар» деп ұрандатқан акцияға қатысты. Бұны көптеген еврей ұйымдары қауіп деп түсінді.
Бұған қоса Мамданиді сынаушылар кедейлерді қолдайтын оның құны екі миллион болатын лофтта өсіп-өнгенін еске салды.
Дональд Трамп болса оны «Нью-Йоркті құртатын ессіз коммунист» деп атады.
АҚШ бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің мәліметтері бойынша, елдің әділет министрлігі қазір оның сайлау науқанын қаржыландыру көзін, тіпті оның азаматтығының қаншалықты заңды екенін тексеріп жатыр. Сайлау 4 қараша күні өтеді. Егер болжам расталса, Мамдани қызметіне 2026 жылдың 1 қаңтарын бастап кірісетін болады.
Осыған дейін Трамп Си Цзиньпинмен кездесуі тұрақтылыққа әкелетінін айтты.