Паллистер 800 метрге еркін жүзуден әлем рекордын жаңартты
АСТАНА. KAZINFORM — Аустралиялық спортшы, 2024 жылғы Париж Олимпиадасының чемпионы Лани Паллистер Торонто қаласында өткен қысқа бассейндегі жүзуден Әлем кубогының кезеңінде 800 метрге еркін жүзу қашықтығында әлемдік рекорд орнатты, деп хабарлайды Kazinform ТАСС-қа сілтеме жасап.
Паллистер қашықтықты 7 минут 54 секундта еңсеріп, бұрынғы рекордты жаңартты. Бұған дейінгі үздік көрсеткіш АҚШ спортшысы Кэти Ледекиге тиесілі еді. Ол 2022 жылдың қарашасында өткен Әлем кубогы кезеңінде 7 минут 57,42 секунд нәтижесін тіркеген.
Жаңа рекорд иегері 23 жаста. Паллистер 2024 жылы Париж Олимпиадасында 4×200 метрге еркін жүзу эстафетасында алтын медаль жеңіп алған. Сондай-ақ спортшы жеті дүркін әлем чемпионы, оның бес алтын медалін қысқа бассейндегі әлем біріншіліктерінде иеленген.
Жаңа рекорд Лани Паллистердің әйелдер арасындағы жүзуде әлемдегі ең мықты спортшылардың бірі екенін тағы да дәлелдеді.
Еске сала кетсек, мың түйеден құралған керуен Гиннестің рекордтар кітабына енді.