Палодарлық студенттер халықаралық Интернет-олимпиаданың жүлдегерлері атанды
ПАВЛОДАР. Сәуірдің 29-ы. ҚзАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар Инновациялық Еуразиялық университетінің студенттері Анастасия Менщикова мен Максим Лазарев математикадан Халықаралық ашық студенттік Интернет-олимпиаданың екінші кезеңінің жүлдегерлері атанды.
Ұйымдастыру комитетінің шешімімен олар мамыр айында өтетін үшінші кезеңге жолдама алды.
Сырттай өткен жарыстарға Ресей, Армения, Беларус, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан елдерінің 244 жоғары оқу орнының 1087 студенті қатысты.
ТМД олимпиадасын ұйымдастырушы 23 базалық оқу орнының қатарына - Қазақстанның атынан Инновациялық Еуразиялық университет пен Қазақтың әл-Фараби атындағы Ұлттық университеті кірді.