11:34, 03 Маусым 2010 | GMT +5
Пан Ги Мун Газа секторындағы блокаданы алып тастауды талап етті
АСТАНА. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат - БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун, Израильден Газа секторындағы блокаданы алып тастауды талап етті, деп хабарлайды ВВС телекомпаниясының Орыс қызметі.
Палестина анклавына гуманитарлық көмек жеткізбек болған кемелер флотилиясына Израиль әскерилері жасаған шабуылға БҰҰ Бас хатшысы осылай үн қатты.
Бұдан бұрын хабарлағандай, құқық қорғаушылар мінген және гуманитарлық жүк тиелген жеті кеме ХАМАС қозғалысы билікке келгелі бері Израиль әскерилері қоршауға алған Газа секторына өтпек болған. Мамырдың 31-іне қараған түні Израиль арнаулы жасағы кемелерге жасаған шабуылдың салдарынан ондаған адам қаза болды.