Панар Сейітханқызы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
АСТАНА. KAZINFORM — Индонезияның Джакарта қаласында бокстан U19 және U23 жас санатында Азия чемпионаты өтіп жатыр.
Қазақстан бокс федерациясының мәліметінше, U23 санаты бойынша +81 келідегі Панар Сейітханқызы жартылай финалда Үндістан өкілі Приянкамен өзара мықтыны анықтады.
3 раундқа жалғасқан жекпе-жектің қорытындысы бойынша, отандасымыз 0:5 есебімен қарсыласына жол берді.
Бұдан бұрын бокстан Азия чемпионатында 12 шілде күні кімдер шығатынын жазған едік.