Панфилов ауруханасындағы жағдайға байланысты тексеріс басталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM– Панфилов көпсалалы ауданаралық ауруханасы ұжымының Мемлекет басшысына жолдаған бейнеүндеуіне байланысты Жетісу облысының Денсаулық сақтау басқармасы ресми түсініктеме берді.

аурухана
Фото: Kazinform

Ведомство мәліметінше, бейнеүндеуде көтерілген сыйақы төлеу тәртібі мен бас есепші және экономистің іс-әрекеттеріне қатысты жағдайды жан-жақты қарау мақсатында басқарма басшысының бұйрығымен арнайы комиссия құрылған.

- Аталған мәселе бойынша комиссия тексеріс жүргізіп жатыр. Қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнама шеңберінде тиісті шешімдер қабылданатын болады, – делінген басқарманың хабарламасында.

Бұған дейін екі адамның өлімінен кейін емшара кабинеттеріне тексеріс басталғанын жазғанбыз.

Денсаулық сақтау министрлігі Жеке емшара кабинеттерінде көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылауды күшейтеді.

Соңғы жаңалықтар