Панкратионның WAFC нұсқасы бойынша Әлем чемпионатының кезеңдік матчы қазақстандықтардың жеңісімен аяқталды

АЛМАТЫ. Ақпанның 1-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Панкратионның WAFC нұсқасы бойынша Алматыда өткен әлем чемпионатының Қазақстан-Үндістан құрамалары арасындағы кезеңдік матчы 5:0 есебімен аяқталды,

Панкратионның WAFC нұсқасы бойынша   Әлем чемпионатының   кезеңдік матчы қазақстандықтардың жеңісімен аяқталды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қаласының әкімдігі мен "Бейбарыс-Profil" кәсіпқой спорт клубы ұйымдастырған бұл шарада 7 жекпе-жек өтті. Оның алтауы панкратион, ал біреуі кәсіпқой бокс шеберлері арасында болды. Тартыста өткен сайыста Қазақстан намысын қорғаған спортшылардың барлығы жеңіске жетті. Рингке алдымен 90 келіден жоғары салмақта бақ сынайтын Төлеген Ақылбеков пен қырғызстандық Азамат Бартабаев шықты. Оның жеңісті жолын үндістандық Таят Утам, Сюрдж Гюрюнг, Бхарт Хандаре, Сати Санил және Анап Кумармен болған жекпе-жектерде Қазыбек Әшімов (57 кг), Аслан Тоқтарбаев (63 кг), Нариман Мұсаев (65 кг), Мейірман Құрманәлиев (70 кг), Бегнар Аманбаев (60 кг) жалғастырды. Сондай-ақ кәсіпқой бокстағы 60,5 келідегі 4 раундтық рейтингтік кездесуде Жанқош Тұраров ресейлік Станислав Бердноковты ұпай санымен ұтты.