Папилломаға қарсы вакцина қыздарды бедеу қылады — фейк
АСТАНА. KAZINFORM — Әлеуметтік желілерде және мессенжерлерде HPV (адам папиллома вирусы) вакцинациясы бедеулікке әкелетіні туралы ақпарат тарады. Бұл — шындыққа жанаспайтын ғылымға қарсы жалған әңгіме.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, жыл сайын Қазақстанда жатыр мойны обырының 1900-ге жуық жаңа жағдайы тіркеледі (күн сайын — 5 жаңа оқиға).
Бір жылда 600-ден астам әйел осы патологиядан қайтыс болады (орта есеппен күніне 2 әйелден).
Бүгінгі таңда HPV инфекциясы мен жатыр мойны обырының алдын алудың жалғыз әдісі — вакцинация.
ДДҰ ұсынысы бойынша, 135 елде, оның ішінде Қазақстанда бұл вакцина Ұлттық екпе күнтізбесіне енгізілген.
Көптеген әлемдік зерттеулер HPV вакцинациясының қауіпсіздігі мен жоғары тиімділігін көрсетіп отыр.
«Желі пайдаланушылары мен барлық азаматтарды өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға, тек ресми көздерден алынған сенімді ақпаратқа сенуге шақырамыз» дейді комитеттен.