Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Пара алғаны үшін полиция қызметкерінің ісі сотқа берілді

ОРАЛ. Тамыздың 27-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Облыстық ішкі істер департаментінің арнайы дербес взводының инспекторы К.Жұлқашевтің үстінен ҚР ҚК 311-бабы 2-бөліміне сәйкес (лауазымды қызметкердің пара алуы) қозғалған қылмыстық іс сотқа берілді.

Пара алғаны үшін полиция қызметкерінің ісі сотқа берілді

Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, аталған инспектор қызмет бабын пайдалана отырып, Маховтар отбасынан РФ азаматы О.Маховты шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болу ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартпау мақсатында пара алған. Сол қылмысы үстінде биылғы мамырдың 25-інде ҚР ҰҚК БҚО бойынша департаменті қызметкерлерінің қолына түскен болатын.