Пара алуға оқталғаны үшін монополияға қарсы мекеме қызметкері 7 жылға бас бостандығынан айрылды - БҚО

ОРАЛ. 28 мамыр. ҚазАқпарат - Орал қалалық сотының үкімімен БҚО бойынша монополияға қарсы инспекцияның бас маманы ҚР ҚК 24-бабы 3-бөлімі және 311-бабы 4-бөлімі «в» тармағына сәйкес делдал арқылы ірі көлемде пара алуға оқталғаны үшін жеті жылға бас бостандығынан айрылды.

Пара алуға оқталғаны үшін монополияға қарсы мекеме қызметкері 7 жылға бас бостандығынан айрылды - БҚО

Облыстық соттың баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталған қызметкер оң қорытынды беру үшін жеке кәсіпкерден 3 млн. теңге алуға әрекет жасаған кезде ұсталған болатын.

Сонымен қатар мүлкі де тәркіленетін сотталушы жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтейді.