13:23, 26 Қараша 2011 | GMT +5
Пара бергені үшін екі жылға бас бостандығынан айырды - Павлодар
ПАВЛОДАР. 26 қараша. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Железин ауылының тұрғыны тергеу абақтысының қызметкеріне пара бермекші болғаны үшін екі жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады Павлодар облыстық прокуратурасы.

Осы жылдың тамыз айында ауыл тұрғыны «Шустрый» деген лақап атты тұтқынға ұялы телефон бермекші болып, мекеме қызметкеріне 15 мың теңге ұсынған.
Тыйым салыған затты беруден бас тартқан тергеу абақтысының қызметкері болған жағдайды мекеменің жетекшісіне айтып берген. Екі күннен кейін сол өтінішімен қайта келіп, қызметкерге ақшаны берген жерінде қаржы полициясының қолына түскен.
Пара беруші сотта өз кінәсін мойындады. Оның бұл іс-әрекеті бірінші рет еместігі анықталды. Бұрында да ұрлық жасағаны үшін сотталып, өткен жылдың сәуір айында бостандыққа шыққан екен.
Осы жайттарды ескере отырып, сот оны екі жыл бас бостандығынан айыруға шешім қабылдады.