Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Пара ретінде қой етін алған полиция инспекторы үш жылға сотталды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Ақкөл аудандық соты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша Ақкөл ауданының ІІБ-нің әкімшілік полиция инспекторына қатысты үкім шығарды, деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметінен.

Пара ретінде қой етін алған полиция инспекторы үш жылға сотталды

Сотқа белгілі болғандай аталған инспектор өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, азамат У- ға қатысты әкімшілік іс Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігіне сәйкес келетінін біліп, яғни жаза ретінде 6 жылға көлік басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалады деп жаңылыстырып алдаған және азамат У-дан заңсыз түрде қой етін алған. Сот инспекторды кінәлі деп танып, оған жаза ретінде өзіне тиесілі жеке мүлкін тәркіледі, сондай-ақ, полиция капитаны шенінен және мемлекеттік қызметке орналасу құқығынан өмір бойына айырды және жалпы режимдегі түзету колониясында 3 (үш) жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.