Паралимпиада ойындарында Ресей жалпы есепте бірінші орын алды
АСТАНА. Наурыздың 22-сі. ҚазАқпарат - Паралимпиадалық ойындарда Ресей құрамасы алтын медальдар бойынша Германияға бір награда ғана есе жіберіп, жалпы есепте І орынды иеленді,
деп хабарлайды «РИА «Новости» агенттігі.
Жексенбі, Паралимпиаданың ең соңғы күні шаңғы спринті бойынша түрлі санатта алты награда топтамасы сарапқа салынды. Алтын медаль саны бойынша немістерге жету үшін, ресейліктерге бір ғана чемпиондық титул жетпей қалды.
Паралимпиада ойындарының жалпы медаль саны бойынша үздіктер бестігіне келер болсақ, Ресей - 38 награда (12 алтын, 16 күміс, 10 қола медаль), Германия - 24 медаль (13 алтын 5 күміс, 6 қола), Канада -24 медаль (13, 5, 6), Украина - 19 награда (5, 8, 6) және АҚШ - 13 медаль (4, 5, 4) қанжығалады.
Биылғы Паралимпиада ойындарында 192 медаль (оның ішінде, 64 - алтын, 65- күміс, 63-қола) сарапқа салынды және оған 21 елдің командасы қатысты.