Паралимпиадалық ат спортынан ел біріншілігінде елордалықтар 5 медаль жеңіп алды
АСТАНА. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысындағы «Титан» ат спорт-сауықтыру кешенінде паралимпиадалық ат спорты бойынша Қазақстан Республикасы чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Жарысқа Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарынан және Астанадан мүмкіндігі шектеулі спортшылар қатысты.
Қатысушылар паралимпиадалық ат спортынан өнер көрсетті: «Ат спортының бастауы», «Жеке жүлде» және «Кюр» (фристайл-тест).

Чемпионат қорытындысы бойынша елордалық параспортшылар 5 медаль иеленді. Атап айтқанда, Ахмад Билял мен Әділ Елубай 1-орын, Әнуар Әбжанов пен Арнұр Дауылбаев 2-орын және Томирис Ералы 3-орын алды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Астана әкімдігі бір ат спорты кешенін 200 мың теңгеге сатып, жаңасын 7 млрд теңгеге сатып алғанын жазған едік.