«Парасат» республикалық бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі байқауына өңірден 14 үміткер қатысады - Ақмола облысы

КӨКШЕТАУ. 12 қараша. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысының аймағынан «Парасат» республикалық бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі байқауына 14 үміткер қатысатын болады.

«Парасат» республикалық бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі байқауына өңірден 14 үміткер қатысады - Ақмола облысы

Бұл ретте 11 үміткер кәсіпорын мен ұйым «Әлеуметтік жауапкершілігі үздік кәсіпорын» аталымы бойынша бақтарын сынауды ниет етсе, төртеуі «Үздік әлеуметтік жоба» аталымында, үшеуі «Үздік ұжымдық жоба», ал бір кәсіпорын алғаш рет қолға алынып отырған «Экологияға үлесі үшін» аталымына қатысқалы отыр. Бұл ретте бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі байқауына жылдағы үрдіс бойынша Көкшетау мен Степногор қалаларының, Аршалы, Бұланды, Бурабай, Жарқайың, Шортанды, Целиноград аудандарының ұйымдары мен кәсіпорындары ықылас танытып отыр.