15:27, 27 Шілде 2024 | GMT +5
Париж-2024: Әбиба Әбужақынова 17 секундта иппон әдісімен жеңіске жетті
Априж. KAZINFORM – Дзюдодан әйелдер арасында Әбиба Әбужақынова Олимпиада ойындарындағы екінші белдесуінде жеңіске жетті.

Отандасымыз Тайпей спортшысы Чен-Хао Линнің жауырынын жерге тигізді. Осылайша Әбиба иппон әдісімен қарсыласынан басым түсті.
Еске сала кетейік, Сметов алғашқы айналымда нидерландтық Торнике Тсакадоеаны жеңіп, екінші айналымға жолдама алды. Сондай-ақ ол екінші белдесуінде украиналық Дилшод Халматовты Waza-Ari әдісімен таза жеңді.