Париж-2024: Әбиба Әбужақынова жүлдеден тыс қалды

ПАРИЖ. KAZINFORM – Дзюдодан әйелдер арасында 48 келі салмақта ел намысын қорғап жатқан Әбиба Әбужақынова Париж Олимпиадасының қола жүлдесіне қол жеткізе алмады. 

әбужақынова
Фото: Сали Сабиров, ҰОК

Өкінішке қарай, отандасымыз қола медаль үшін таласта швециялық жас балуан Тара Бабульфаттан ұтылып қалды.

Осылайша, Әбиба Әбужақынова париж Олимпиадасын аяқтады.

Әбужақынова жұбаныш белдесуінде Парагвай дзюдошысы Габриэла Нарваесті ұтып, қола медальға таласу мүмкіндігіне ие болаған еді.

Сондай-ақ, Әбиба Әбужақынова бірінші белдесуінде Израиль балуаны Сара Ришониді Waza-Ari ұпайымен жеңсе, екінші кезеңде Тайпей спортшысы Чен-Хао Линнің жауырынын 17 секундта жер иіскетті.

Өкінішке қарай, отандасымыз Олимпиада ойындарының үшінші айналымында қарсыласына жол берген болатын.

Соңғы жаңалықтар