Париж-2024: Бадминтон, Құзға өрмелеу, Брейкинг және жүзуден ел намысын кімдер қорғайды
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Франция астанасы Париж қаласында өтетін XXXIII жазғы Олимпиада ойындарының басталуына тура 6 күн қалды.

Осыған орай бүгін назарларыңызға бадминтон, құзға өрмелеу, брейкинг және жүзуден ел намысын қорғайтын спортшыларымызды қысқаша таныстары кеткенді жөн көрдік.
Олимпиадаға баратын спортшылардың қысқаша мәліметтері:
Бадминтон
Дмитрий Андреевич Панарин — 2000 жылы 8 қаңтарда Қостанай қаласында дүниеге келген.

Құзға өрмелеу
Амир Айдарұлы Маймұратов — 1995 жылы 19 шілдеде Үржар ауылында (Шығыс Қазақстан облысы) дүниеге келген.

Брейкинг
Амир Вадимович Закиров — 1997 жылы 10 қазанда Петропавл қаласында туған.

Жүзу
Әділбек Рүстемұлы Мусин — 1999 жылы 4 қазанда Астана қаласында дүниеге келген.

Ксения Юрьевна Игнатова — 2005 жылы 2 тамызда Қарағанды облысы, Сарань қаласында дүниеге келген.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда төртжылдық додаға жолдама жеңіп алған қазақстандық спортшыларымыз соңғы оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Қазақстан құрамасы Олимпиада ойындарына спорттың 25 түрінен 92 жолдама жеңіп алды.
Нақтырақ айтсақ, бокс, дзюдо, спортттық гимнастика, жеңіл атлетика, байдарка мен каноэде есу, оқпен ату, семсерлесу, грек-рим күресі, еркін күрес, садақ ату, стендтік ату, теннис, велошоссе, жүзу, заманауи бессайыс, таеквондо, велотрек, батут гимнастикасы, бадминтон, академиялық есу, көркем гимнастика, триатлон, үстел теннисі, құзға шығу және брейкингтен Олимпиада ойындарында сынға түседі.
Франция астанасы Париж қаласында өтетін XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Ойындарға әлемнің 205 елінен 10 500 спортшы қатысады деп жоспарланған. Онда 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Айта кетейік, кеше назарларыңызға еркін күрес, грек-рим күресі және садақ атудан сынға түсетін спортшыларымызды таныстырған болатынбыз.