Париж-2024: Қазақстан қоржынына 50-ші жолдама түсті

Олимпиада жолдамасына ие болды
Фото: ҰОК

АСТАНА. KAZINFORM – Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының үздігі Эльжана Таниева Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында Париж Олимпиадасының жолдамасына қол жеткізді. Бұл ел қоржынына түскен 50-ші жолдама. 

Отандасымыз көпсайыс қорытындысы бойынша 133.40 ұпай жинап, бірінші орынға ие болды. Жарыс ережесі бойынша, квота тек қана алтын медаль алған спортшыға беріледі. 

Осылайша Эльжана Таниева Азия чемпионатының алтын медалімен бірге, Олимпиада ойындарының жолдамасын да жеңіп алды. 

Тағы бір қазақстандық спортшы Айбота Ертайқызы жарысты бесінші орынмен аяқтады.  

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін көркем гимнастикадан өтіп жатқан лицензиялық Азия чемпионатында ел құрамасы алғашқы жүлдесіне қол жеткізгенін жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар