Париж-2024: Нұрбек Оралбай финалға жолдама алды

ПАРИЖ. KAZINFORM – Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Нұрбек Оралбай жартылай финалда қарсыласын жеңіп, финалға шықты.

бокс
Фото: Владислав Семенов

80 келі салмақта ел намысын қорғап жатқан отандасымыз жартылай финалда Доминикан Республикасының былғары қолғап шебері Кристиан Хавьер Пиналеспен жұдырықтасып, қарсыласынан басым түсті.

Нұрбек Оралбай
Фото: Владислав Семенов/ ҰОК

Осылайша Нұрбек Оралбай финалдық кезеңге өтті. Ол – әзірге финалға шыққан жалғыз қазақстандық боксшы.

Нұрбек Оралбай
Фото: ҰОК

Естеріңізге сала кетейік, Нұрбек ширек финалда әзербайжандық боксшы Мурад Аллахбердиевті жеңген еді. 

Сондай-ақ отандасымыз осыған дейін аустралиялық Каллум Петерсті жарыс жолынан тайдырып, ширек финалға өткен болатын. 

Соңғы жаңалықтар