Париж-2024: Теннис, үстел теннисі және триатлоннан ел намысын қорғайтын спортшылар кімдер
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Франция астанасы Париж қаласында өтетін XXXIII жазғы Олимпиада ойындарының басталуына тура 10 күн қалды.

Осыған орай бүгін назарларыңызға теннис, үстел теннисі және триатлоннан ел намысын қорғайтын спортшыларымызды қысқаша таныстыра кеткенді жөн көрдік.
Олимпиадаға баратын спортшылардың қысқаша мәліметтері
Теннис
Елена Андреевна Рыбакина — 1999 жылы 17 маусымда Ресей Федерациясының астанасы Мәскеу қаласында дүниеге келген.
2018 жылдың маусым айында Қазақстан азаматтығын алды.
Wimbledon үлкен дулыға бәсекесінің чемпионы (2022)

Александр Александрович Шевченко — 2000 жылы 29 қарашада Ресей Федерациясының Ростов-на-Дону қаласында дүниеге келген.
2024 жылдың ақпан айынан бастап, Қазақстан атынан өнер көрсетеді.

Александр Станиславович Бублик — 1997 жылы 17 маусым күні Ресей Федерациясының Гатчина қаласында дүниеге келген.
2016 жылдан бастап, Қазақстан атынан өнер көрсетеді.

Юлия Антоновна Путинцева — 1995 жылы 7 қаңтарда Ресей Федерациясының астанасы Мәскеу қаласында дүниеге келген.
2012 жылдан бастап, Қазақстан атынан өнер көрсетеді.

Александр Сергеевич Недовесов — 1987 жылы 15 ақпанда Украинаның Алушта қаласында дүниеге келген.
2014 жылдан бастап, Қазақстан атынан өнер көрсетеді.

Үстел теннисі
Кирилл Геннадьевич Герасименко — 1996 жылы 18 желтоқсанда Астана қаласында дүниеге келген.

Триатлон
Екатерина Евгеньевна Шабалина — 1998 жылы 28 мамырда Ресей Федерациясының Екатеринбург қаласында дүниеге келген.
2021 жылдан бастап, Қазақстан атынан өнер көрсетеді.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда төртжылдық додаға жолдама жеңіп алған қазақстандық спортшыларымыз соңғы оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Қазақстан құрамасы Олимпиада ойындарына спорттың 25 түрінен 80 спортшы 92 жолдама жеңіп алды. Нақтырақ айтсақ, бокс, дзюдо, спортттық гимнастика, жеңіл атлетика, байдарка мен каноэде есу, оқпен ату, семсерлесу, грек-рим күресі, еркін күрес, садақ ату, стендтік ату, теннис, велошоссе, жүзу, заманауи бессайыс, таеквондо, велотрек, батут гимнастикасы, бадминтон, академиялық есу, көркем гимнастика, триатлон, үстел теннисі, құзға шығу және брейкингтен Олимпиада ойындарында сынға түседі.
Франция астанасы Париж қаласында өтетін XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Ойындарға әлемнің 205 елінен 10 500 спортшы қатысады деп жоспарланған. Онда 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Айта кетсек, кеше семсерлесу мен дзюдошыларымыз туралы жазған болатынбыз.