Париж-2024: Вадим Шарлаимов 1/8 финалға шыға алмады

ПАРИЖ. KAZINFORM – Париждегі 2024 жылғы Олимпиада ойындарында шпагамен семсерлесуден сынға түскен Вадим Шарлаимов қарсыласына есе жіберді. 

Вадим Шарлаимов
Фото: Владислав Семенов

Нақтырақ айтар болсақ, отандасымыз Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы, Франция атынан сынға түскен Ян Борелден жеңіліп қалды. 

Қорытынды есеп – 13:15. 

Сондай-ақ бүгін шпагамен семсерлесу бойынша жекелей сында Эльмир Әлімжанов пен Руслан Курбанов жарыс жолына шығады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында қазақстандық татами шебері Ғұсман Қырғызбаевтың жартылай финалға жолдама алған болатын. 

 

Соңғы жаңалықтар