Париж билігі Еуро-2016 финалы алдындағы теңдессіз қауіпсіздік шаралары туралы мәлімдеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Футбол бойынша 2016 жылғы Еуропа чемпионатының ақтық матчына байланысты, Париж қауіпсіздік күштері қаланы қауіпсіздіктің ең жоғары деңгейімен қамтамасыз етеді. Бұл туралы жергілікті билік хабарлады.

Париж билігі Еуро-2016 финалы алдындағы теңдессіз қауіпсіздік шаралары туралы мәлімдеді

Париж әкімшілігінің басшысы Матьяс Вишераның айтуынша, Эйфел мұнарасы жанындағы фан-аймақты 2 мыңға жуық полиция қызметкері күзететін болады. Қала полициясының басшысы Мишель Кадо матчтан кейінгі салтанатты шара өтетін Елисей алаңдарында 3,4 мың полиция жүретінін айтты.

Қауіпсіздікті көбейтетін үшінші маңызды нысан - чемпионаттың ақырғы ойыны өтетін «Стад де Франс» стадионы болмақ.  Алаң қожайындары құрамасы мен Португалия құрамасы кездесетін бұл стадионды 3,5 мың полиция күзетеді.