10:03, 10 Шілде 2016 | GMT +5
Париж билігі Еуро-2016 финалы алдындағы теңдессіз қауіпсіздік шаралары туралы мәлімдеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футбол бойынша 2016 жылғы Еуропа чемпионатының ақтық матчына байланысты, Париж қауіпсіздік күштері қаланы қауіпсіздіктің ең жоғары деңгейімен қамтамасыз етеді. Бұл туралы жергілікті билік хабарлады.
Париж әкімшілігінің басшысы Матьяс Вишераның айтуынша, Эйфел мұнарасы жанындағы фан-аймақты 2 мыңға жуық полиция қызметкері күзететін болады. Қала полициясының басшысы Мишель Кадо матчтан кейінгі салтанатты шара өтетін Елисей алаңдарында 3,4 мың полиция жүретінін айтты.
Қауіпсіздікті көбейтетін үшінші маңызды нысан - чемпионаттың ақырғы ойыны өтетін «Стад де Франс» стадионы болмақ. Алаң қожайындары құрамасы мен Португалия құрамасы кездесетін бұл стадионды 3,5 мың полиция күзетеді.