Париж клубы несигерлерден Гаитидің берешектерін кешіруді сұрады

АСТАНА. Қаңтардың 20-сы. ҚазАқпарат - Несигерлердің Париж клубы осы ұйымға енбейтін елдерден, қаңтардың 12-сінде жойқын зілзала болған Гатитидің барлық борыштық сомасын кешіруді сұрады. Бұл жөнінде клубтың ресми баспасөз баянында айтылған,

Париж клубы несигерлерден Гаитидің берешектерін кешіруді сұрады

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.

Хабарламада сонымен қатар, Париж клубының өзі 2009 жылғы шілдеде Гаитидің борыштарын кешіруге келіскен болатын, ал қазіргі уақытта мемлекеттер - клуб мүшелері мен аралдағы үкімет арасында екіжақты келіссөздер аяқталуда.

2008 жылғы қыркүйектегі деректер бойынша Гатитидің жалпы сыртқы борышы 1,88 миллиард долларды құрады. Осы соманың 214 миллион долларын Гаити Париж клубына берешек.