Париж Құдай ана соборы келесі жылдың соңында келушілерге есігін ашады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Париж Құдай ана соборы 2024 жылдың соңында келушілер мен құлшылық етушілерге ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews агенттігіне сілтеме жасап.
None
Фото: Francois Mori/AP

Бұл ғимаратқа айтарлықтай нұқсан келтірген өрттен кейін алты жылға жуық уақыттан кейін болатын оқиға.

Қазіргі уақытта Франция президенті Эммануэль Макрон белгілеген уақытқа, яғни 2024 жылдың желтоқсанындағы ашылуға үлгеру үшін қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Бірақ Нотр Дам 2024 жылдың жазында болатын Париждегі Олимпиада ойындарына дейін толық дайын болып үлгермейтіні белгілі.

«Менің міндетім – соборды 2024 жылы ашу, біз мұны істейміз», - деп уәде берді қалпына келтіру жобасына жауапты генерал Жан-Луи Жоржелен.

Мәдениет министрі Рима Абдул Малак собор келушілер үшін ашылғанымен, жұмыс мұнымен толық бітпейтінін айтты. Оның сөзінше, «2025 жылы қалпына келтіру жалғасады».

Париждің негізгі көрнекті жерін қалпына келтіру жұмысы екі жылдан аса жөндеуден кейін 2022 жылы басталды.

Әуелі шеберлер қалпына келтіруге кірісу үшін ғимаратты мықты әрі қауіпсіз ету керек болды.

Билік XII ғасырдың жауһарын бұрынғы қалпына келтіруді шешті. Оған архитектор Эжен Виолле ле Дюк жобалаған 19 ғасырдағы 96 метрлік төбені қайта құру кіреді.

Өрт кезінде қираған собордың орталық элементі биыл Нотр Дам төбесінде қайта көрінеді.

«Париж аспанына мұнараны қайтару біздің Нотр Дам үшін күресте жеңіске жетіп жатқанымызды білдіреді», - дейді генерал Жоржелен.

Соборды қалпына келтіру үшін Францияның түкпір-түкпірінде мыңдаған адам жұмыс істеп жатыр.

Бүгін Парижде «Нотр Дам де Пари: құрылыс жүрегінде» деп аталатын көрме ашылады. Ол соборды қалпына келтіруге ат салысып жатқан жүздеген маманға тиісінше баға береді.

Экспозиция собордың алдындағы жерасты бөлмесінде орналасқан. Кіру тегін.

Көрмеде соборды қалпына келтіру үшін қандай жұмыстар істеліп жатқаны айтылады. Бұл жерден өрт кезінде бүлінбей сақталған кейбір өнер туындыларын көруге болады.


Соңғы жаңалықтар